Тірлік – қымыз, жұтқан сайын сімір дер.
Ей, бал қымыз, беймазаңа ғұмыр бер!–
Тыныштықтың адамында тыным жоқ,–
Жатыр оның жанарында жұмыр жер.
Жұмыр жерден бақ пен сордың күресін
Жанарыңа жинап алып көресің:
Не себепті берілген деп ойлайсың
Баршамызға Адам деген бір есім.
Қызғанасың жұмыр жерді бұзықтан
жұмыр жерді жұтатуға қызыққан.
Жанарымда Жер тұрса деп жаннаттай,
Жанды қинау – өмір заңы біз ұққан.