Естеліктер

Хамаң толғау (Қаршыға Ахмедьяров)

«Хамаң толғау» — шалқар шабыт иесі Хамит Ерғали ақынның өмірі күйшілермен тығыз байланыста болды. Құрманғазы поэмасын, Құрманғазы операсының либреттосын жазды. Күй дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерғұмыр жан еді. Тіпті өнерге қатысы бар адамдардың қазасында да күйшілерді жинап алып Көбік шашқаннан бастап күй ойнататынын көзіміз көрді. Бірі ақын аға, екіншісі күйші іні ретінде жақын сырлас ғұмыр кешті.

Хамаң тағдырының тәлкекті сәттерін мұң ғып талай айтып берген. Х. Ерғалиев өзінің «Ғұмырнама» еңбегінде ақын, әнші, ел басқарған бабасы Қойыс жөнінде соны деректерді жекелей айта жүреді екен. Сол Хамаңның шабытының шалқар шағы мен тоғыз толғамының тоғысқан сәттерін өз жүрегіндей сезінген күйшінің туындысы өте сәтті шыққан. Күй туысымен орындаушылық өнер өріне самғады. Ақын толғанысынан басталып, кейін шабытты шалқыған шақта төгіле жөнелетін бөлімі, пернені қуалай құлдилап, биікке шапшитын тұстары домбырашының домбырашысы сүрінбей өтетін сын.

Осы қалайы жоқ жас орындаушылар бірден іліп әкетті. Емтихан, концерттерде ұдайы орындалуы, күй өнерінің өміршеңдігі, шығарманың жолы болуы, тұсауы дұрыс кесілуі алғашқы орындаушыға да байланысты болса керек.

Қаршыға Ахмедьяров