Публицистика, Өлеңдер

Шопан туралы монолог

Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз біз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.

Шопан жайлы сөзім бар айтар әлі
Одан маған не қилы ой тарады:
Көк дөңдегі баяғы бабасының
Күмбезінен қойды кеш қайтарады.

Қиял сонда сан келіл сан кетеді,
Ақыл-сана жинауға дәндетеді.
Бабасындай баяғы құлазымай,
Ашық күнде ақырын әндетеді.

Асықпайды, тұғырын бітеді,
Төңірекке сол кезде тіл бітеді.
Сай мен сала, жон, төбе, қиял жартас —
Барлығынан бір жауап бұл күтеді.

Бұған сырын құм, тастақ, саз айтады,
Келер қыстың кескінін жаз айтады.
Кейде солар көңілін шарықтатып,
Кейде мұның шаттығын азайтады.

Қой үріксе, сезімін бүлдіреді,
Жапалақ та жай сәтте күлдіреді.
Бұған төнер бұлт жоқта көзден бетер
Жылы қарап жырақта күн жүреді.

Екі мезгіл одан соң егеседі,
Ақ түтіні ауылдың тік өседі.
Жамыраған базары жазғы кештің
Күннің күрең шапағын түгеседі.

Үлкен, кіші — сол үйдің баршалары
Даңғазасын даланың қарсы алады.
Ізгі жардың іңірде жаққан оты
Мен мұндалап аулаққа жар салады.

Аспан ашық, жұлдыздар айқын әлі,
Түннің сыры өзінше айтылады…
Жаз даласы жайғасып ұйқтағанда
Күзетшіні күзетіп ай түрады.

Жайбарақат саулығы, төл, ісегі…
Сақ төбеттер сай жақта көріседі.
Шопан кітап оқиды, шам жарықта
Көбелектер көріп сырды бөліседі.

Кезіп болған ылди мен қыр беткейді,
Көбелек те құр келіп, құр кетпейді.
Олар-дағы шопанның сезіміндей
Жанып тұрған жарықты құрметтейді.

Күйдірсе де жарыққа құмартады,
Онсыз жерде көз алды мұнартады.
Ең кішкене осыны елемесе
Шопан жаны өзіне мін артады.

Болмашы даңқ керексіз боямалы…
Адам қалай намыстан аянады?..
Қайран қиял, ойшылдық, сергек сезім
Таңмен бірге тағы сол оянады.

Жаз да бітті жаңбырлы, аңызақты,
Күз жүғымды шөбімен маңыз атты.
Бүкіл семіз, арықты бүрсеңдетіп,
Қыс келді де, мерзімін таң үзартты.

Ал басталды ақ жынды кәрі бүрқақ,
Батыр деген жүрегің әрі қорқақ.
Піл болсаң да ақпанның қақпанымен
Дозағына түсерің бәрібір қақ.

Осы тұста баз біреу ұсақтайды,
Нағыз адам парызын үш ақтайды.
Мақтаушының бірі жоқ маңайында,
Жалғыз шопан қүйынды құшақтайды

Жаз қарайтқан бетінен қан шығара
Аямай-ақ қабады қаншық аяз.
Қарашығын көзінің қарып, сорып,
Көк тұрады қақырап, қаңсымай аз.

Шопан ғана желкелеп кәрі жұтты
Жеңсе, таяқ қуатты әрі қүтты.
Түтегеннің ішінде түк көрінбей,
Баққан бақыт жоғалса, бәрі бітті.

Баққан шіркін бақыттың есендігін
Қорғамасаң, әперер есеңді кім?..
Білім жоқта сол бақыт білгізбейді
Бөтендігін өзінің не сендігін…

Терең ұғып тапқандай жар асылын,
Термек парыз өмірдің жаңа сырын:
Жазғы шам мен қысқы пеш жарығында
Оқылатын кітабың — жан ашырың.

Сол дос еді баяғы соғыста да,
Онсыз ғалым, көмірші, жоқ ұста да,
Онсыз еірә ойлама бақыт ібар деп,
Онсыз отпен ойнама, шоқ ұстама!

Қой шетінде қойын бос күбінгенін,
Осыны ұққан інім бар бүгін менің.
Маған таза мақтаныш ақ басыммен
Соның барып алдына жүгінгенім.

Содан менің жүрегім жол сұрады,
Көкірекке сол шабыт толтырады.
Төрт маусымын көтеріп төбесіне,
Қайда барсам, алдымда сол тұрады.

Ал, осымен өлеңді доғаралық,
Бітті сөзім бір ауыз мағаналық:
Күн мен айдың, жел-құздың жетекшісі
Деген атақ сыйладым оған анық.

Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз біз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.

1965