Өмірбаян

Өмірбаян

Хамит Ерғали 1916 жылы Атырау облысының Новобогат ауылында (қазіргі таңда Хамит қала деп аталады) дүниеге келді. Бала кезінен- ақ тоталитарлық қысымды да көрді. 1937 жылы халық жауының баласы деген айдармен және Сәкен Сейфуллинге хат жазғаны үшін Орал педрабфактан шығарылды. 1939 жылы Мемлекеттік С.Киров атындағы университетіне (қазір Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) түсті, бірақ әскерге алынуына байланысты оқуды тамамдай алмады. 1940-шы жылдың маусым айынан бастап әскерге шақырылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1945 жылы қатты жарақаттанып Алматыға қайтты.

1945 мен 1950 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінің қызметкері, 1959 жылға дейін Жазушылар Одағының әдеби консультанты және «Жазушы» баспасының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1959 жылы толығымен шығармашылық жұмысқа ауысты.

Общее фото Хамит Ергали

Х.Ерғали отыздан астам жинақтардың авторы болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихында эпик ақын ретінде қалды. Атап айтсақ, қалың жұртшылықтың көңілінен шыққан «Әке сыры», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты түн» поэмалары, «Құрманғазы» романы және басқа көркем шығармалары еліміздің әр кезеңдегі өмір тынысын ғажап суреттеп берді.

1982 жылы «Алтын зерең» атты кітабы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды, ал 1984 жылы оған Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағын алды.

Сонымен бірге Х.Ерғали дүниежүзілік поэзиясының аудармашысы ретінде В.Шекспирдің сонеттері мен пьесаларын, Д.Байронның, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Н.Некрасовтың, Ш.Петефидің, Р.Ғамзатовтың өлеңдерін, қарақалпақ эпосы «Қырық қызын», қырғыз эпосы «Манас» үлгілерін қазақ тіліне тамаша аударды. 1996 жылы В.Шекспирдің сонеттерін туған тіліне аударғаны үшін ол Великобританияның Ұлы Мәртебелі Елизавета королеваның алғыс хатын алды.

Х.Ерғали қазақ поэзиясының реформаторы деп толығымен айтуға болады. Оның өлең құрастыру формасын байыту жолындағы табыстарын көптеген шәкірттері меңгеріп келеді. Ал қазақ әдебиетінде бұрын тіпті болмаған жанрды – сонеттерді енгізу жолында Хамаңның еңбегі ұлан-ғайыр. «Сонеттер» деп аталатын жинағы бұл күнде қазақ әдебиетінің таптырмайтын інжу-маржаны болды. Ақынның сарқылмайтын шабытының күәсі – соңғы екі жылда жазып шығарған төрт кітабы.

Х.Ерғалидің сырлас достарының арасында шет елдерде мәлім, орыс Я.Смеляков, Е.Винокуров phone case cover, М.Львов, В.Савельев, Т.Кузовлева, қырғыз К.Маликов, өзбек Ғ.Гулям, Мирмухсин, украин Я.Стельмах, тәжік Мирзо Турсын-заде сияқты ақын-жазушылар бар болатын.

Х.Ерғалидің шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жарық көрді, екі кандидаттық еңбек қорғалды.

1997 жылы 13-ші желтоқсан күні Хамит Ерғали көз жұмды.