Туғандай мұрагер ғып әр үй жасын,
Соғыста өлген әке Фаризасын
Қалдырған… Ақын қызға дей алмассың
Біреуге не себепті наризасың…
Зұлымдық таусылмаған заманадан
Көзіне түссе болды жаман адам –
Өжет қыз жалын атып, жар шашады
Адал жан, көз жазба деп әман одан.
Күнәдан пак жүректі сонша кекті
Жан етпей, өрт атаулы сөнсе нетті?..
Сол сойқан сөнбей тұр-ау… Періште де
Өршиді өрттен бетер сол себепті.